15 жылға сотталуы мүмкін. СҚО-да спортшы ұсталды

2884
Adyrna.kz Telegram

Петропавлда 18 жастағы спортшы синтетикалық есірткі сатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы, 

Ақпаратқа сәйкес, күдікті футболмен шұғылданған жас жігіт жақында коллежден шығып кеткен. Содан кейін ол есірткі сататын интернет дүкенге жұмысқа тұрған.

Күдікті 3 айдан соң ұсталды. Одан оралған пакет анықталды. Сараптама оның ішінде жалпы салмағы 25,15 грамм α-PvP психоактивті есірткі болғанын дәлелдеді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық бап бойынша жүргізіледі. Жалпы есірткіні жасырушылар шамамен 2-3 ай жұмыс істейді. Содан кейін олар ұсталады. Ал есірткі сатушылар жеңіл ақша тапқысы келетін немесе кейде тіпті есірткінің дозасы үшін жұмыс істейтін басқа адамды іздей бастайды, - деді СҚО ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Руслан Сапаров.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер