"RAMS Qazaqstan,  бұл үлкен қателік!" - Санжар Боқаев

1071
Adyrna.kz Telegram
фото: RAMS Qazaqstan
фото: RAMS Qazaqstan

RAMS Qazaqstan компаниясының құрылыс сапасы сын көтермей тұр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы жас саясаттанушы Санжар Боқаев Facebook парақшасында видео жариялады. Кадр барысында тұрғын үйдің сапасыз құрылыс материалдарынан жасалғанын анық көруге болады.

Қабырғалардың іші бетонмен емес, пенопластпен толтырылған. Іші бос, тіпті қабырғаның ішінде белгісіз жәндіктің жүргені де анық көрінеді.  Тозығы жеткен қабырғалар, толық бітпеген құрылыс арматуралары.

"Бизнес плюс" санатындағы тұрғын үйде домофон жұмыс істемейді, өрт сөндіру құрылғылары қосылмаған. Подъездегі биіктік шамамен 2,5 метрді құрайды. Күздің қара суығы келсе де пәтердегі градус мөлшері төмен. Салдарынан 15 қазан күні берілуі тиіс жылу тұрғындарға әлі берілмеген.

"Мен сіздерге үйдегі жабық терезеден желдің қалай уілдейтінін көрсете аламын. Сіздер маған сенбейсіздер",-дейді тұрғын.

RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясы салған көпқабатты үйде көлік тұрағы да жеке саудаланған-мыс. Құны 5 миллион теңге тұрады екен.

Санжар Боқаевтың сөзінше құрылыс барысында кеткен мұндай қателіктермен  адамдар тұра алмайды.

"Мұндай биік көпқабатты үйді құырылыс-монтаж шараларын сақтамай соғу ақылға қонымсыз. Ол үшін ешкім де жауап бермейді. Оны ешкім тексермейді. RAMS Qazaqstan,  бұл үлкен қателік! Бұл сіздерге үндеу! Біреуі тапсырыс беруші, екіншісі құрылысқа жауапты, үшіншісі орындаушы, төртіншісі сатушы. Бұл жауапкершілікті ысырып қою үшін әдейі ойластырылған",-дейді саясаттанушы.

 

 

 

Пікірлер