Home » Жаңалықтар » Tele2 Қазақстаннан кетеді

Tele2 Қазақстаннан кетеді

Енді елдегі 4 ұялы оператордың үшеуі “Қазақтелекомдікі” болады

Tele2 AB тобы бірлескен кәсіпорындағы өз үлесінің бағасы жөнінде “Қазақтелекоммен” келісті, деп хабарлайды Zakon.kz  Forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі пассивті міндеттемелерін санамағанда Tele2-нің таза табысы 169 млн долларды құрайтын болады. Сонымен қатар, Tele2 акционерінің 80 млрд теңгелік несиесі толық өтеледі.

Tele2-ні сату маусымның соңында аяқталады.

– Tele2 Қазақстанда сәтті бизнес құрды. Бірлескен кәсіпорын клиенттер базасын айтарлықтай ұлғайтып, табысын, нарықтағы үлесін кеңейтті. Tele2 Қазақстанға кірген кезден бері бір клиентке шаққандағы мобильді интернетті тұтыну жүз еседен астамға өсті. Мен Қазақстанда қалдырған мол мұрамызды мақтан етемін, – деді Tele2 президенті мен бас атқарушы директоры Андерс Нильссон.

Tele2 AB тобы мен “Қазақтелеком” мобильді байланыс саласындағы бизнестерін біріктіру туралы 2015 жылдың қарашасында келіскен болатын. Швециялық оператордың 3 жылдан кейін акциядағы өз үлесін сату құқығы болған, 2018 жылдың соңында компания сол құқығын пайдаланатын болып шешті.

Қазақстаннан Tele2 кеткеннен кейін “Қазақтелеком” елдегі 4 оператордың үшеуін бақылайтын болады: Kcell, Tele2 және Altel.

Енді еліміздегі мобильді байланыс нарығында тек Beeline ғана тәуелсіз ойыншы болып қалады.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

ШҚО-ның жастары Арыс қаласына гуманитарлық көмек жинауда белсенділік көрсетуде

Облыс аумағындағы барлық жастар ресурстық орталығында жәрдемге жіберілетін заттарды қабылдайтын бекет ашылды. – Мұндай ауыр ...