“Мен - евреймін”. Соловьев халқын қорғау үшін Израильге неге бармағанын айтты

1865
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Кремльді насихаттаушы Владимир Соловьев өзі жүргізетін бағдарламада халқын қорғау үшін Израильге баратынын, бірақ жасы тым жоғары, сондықтан оны әскерге қабылдамайтынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, 2004 жылы Соловьев Израильде соғыс болған жағдайда еврей халқын қорғауға аттанамын деп мәлімдеген. Дегенмен, қазір ол орындалмаған уәдесін ақтауда.

Мен - евреймін және оны ешқашан жасырған емеспін… Сонау 2004 жылы шиеленіс болған кезде мен еврей жастарының бір газетіне сұхбат бердім, егер Израильде соғыс басталса, еврей ретінде мен де соғысамын деп айттым, – дейді үгітші.

Алайда, қазіргі жағдайда Соловьев уәдесін орындамай отыр. Оның үстіне, ол мұны жасының үлкендігі мен ресейлік арнайы операция деп ақтайды.

Пікірлер