Зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары үшін сенім телефоны іске қосылды

2254
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары болған қазақстандықтар 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына хабарласа алады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Байланс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері бойынша өткен кеңесте премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова байланыс орталығына үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

Аталған шаралар азаматтар, әсіресе әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы мемлекеттің уақытылы көмек көрсетуінің тиімді құралына айналады, сондай-ақ өңірлер бойынша аса өткір проблемаларға мониторинг жасау үшін деректер көзі болмақ, — деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ, қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылатыны да айтылды. Әрбір жағдай бойынша операторлар "дәл осы сәтте" қағидатын басшылыққа ала отырып, жекелеген мәселе бойынша кешенді көмек көрсететін болады. Барлық қажетті мемлекеттік орган мен қызметті міндетті кері байланыс тәсілін қолдана отырып, бір мезгілде қосу көзделген.

Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер