Home » Ұлттық құндылықтар ұлт қорғаны » Қазақтың киіз үйі және оны дайындау, жасау барысы!

Қазақтың киіз үйі және оны дайындау, жасау барысы!

Ғылым техниканың ұшқан құстай дамыған осынау дәуірде Қазаққа тән ерекшелігіміз, ұлттық құндылығымыз салт, санамыз барған сайын алыстап ұмыт болып бара жатқандай сезіледі. Өзгелер Қазақты киіз туырлықты көшпелі Қазақ деп атап келген, олай болса сол ұмыт қалып бара жатқан ұлттық құндылығымызға қысқаша тоқталып кетейін.Тіпті мынау қаптаған қара түнек қоғамның ызыңымен, шуынан әбден мезі болғанымыз сонша, сол көне дәуірге көз жұмып кетіп қалғың келеді.

Себебі, көптеген артықшылығымен құндылығы бар, атап айтсақ: Ат жалын тартып мінген Ұлына, тіпті кей бір ауқатты бай манаптар қызына да, отау тігіп, енші бөліп берген, қазіргі тілмен айтсақ, басыңа квартира, астыңа машина, қалтаңа ақша салып берген. Қазіргідей үй соғатын жер іздеп, кредит алмайсың рақат шіркін! Ежелден көшпелі өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқан, солайда көшіп қонуға оңтайлы үйі, сол дәуірге бейімделген тыныс тіршілігі болған. Ол кезде кәзіргідей электр қуаты, және үздік технология болмағанын жақсы білеміз, алайда сол дәуірдің өзіндік бейімделген құрал сайманы, технологиясы болған!

Әлихсса манағы сөз еткендей сол киіз үйдің жасалуы туралы қысқаша сөз етіп көрейік. Ең әуелі Үйдің кереге, және уығы, есігі , Шаңырағы туралы.

1) Уық Керегені Талдан мүмкіндік болса Қайыңнан, және Самырсыннан жасаған. Негізі көбі талдан жасаған. Шаңырақ қайыңнан жасалған. Тұмса табиғаттың ну орманды Ит тұмсығы өтпейтін жыныстан Уық пен Керегені, барынша таңдап, сымдай түзу сапалысын және Есік жасайтын ағашты, Шаңырақ жасау үшін ақ қайыңды кесіп, түйеге теңдеп ауылға акелген.

2) Жасау барысы.  Малдың әсіресе Қой, Ешкінің қара көңін үйіп Мор жасайды, әсілі (көк мор деген сөз содан қалса керек) көң дымқыл тез жанып кепес үшін су себу керек. Шамамен ұзындығы 25 қарыс уық толық көмілетін болуы шарт. Себебі, Мор бу пештің рөлін атқарады. Манағы жас талды ыстық морға шамамен 10-20 минут көміп қойып қайта алған бойда Тезге саламыз. Тез дегеніміз ұзындығы 4-5 метір болатын бөрене ағаш. Жуандығы 25 см кем болмау керек. Оның бір басына теріс аяқ жасап, келесі басын жерге мықтап көму керек. Ал, бөрененің қыр арқасын толық бір уық сиятын етіп ырып, ойып алып тастап, екі жағына темір қашау қағып қойған, сонымен манағы ыстық морда балқып, жібіп жатқан жас талды тезге салып, белмен, мықынмен басқан кезде темірдей иліп икемге келмек. Әсілі, (Тезге салып деген сөз дәл осыдан қалған ) сымдай түзу болған Уық, Керегенің сол жерде қабығын өткір орақ тәріздес құралмен қабығын аршып, Уықтың артын иіп тескен . Ал керегені де үскімен тесіп , (кәзіргі Дрель ) арасын түйенің терісінен (таспа ) тіліп көктеген.  Жоныңнан таспа тіліп деген сөз содан қалса керек! Шаңырақтыда дәл осылай екі басын иіп, қосындысын түйенің дымқыл таспасымен мықтап орап, мүмкіндік болса темірмен шегелеп, көзін істік темірмен тесіп, жаңа отау үйге 80 басты, Үлкен Үйлерге 100 басты одан үлкен қылып жасаған. Басқа жабдықтардың жасалу барысы, атап айтсақ, киізден жасалған туырлық, үзік, түңілдік, және ши. Қой мен қозының жүнін қырқып, оны арнайы кептіріп жасаған Ірі Қара Малдың терісі (тулақ)-қа (тулақ сүйреткендей) салып, ауылдың қыз келіндері қатқан тал сабаумен сабаған. Сабау барысында манағы жүн мамықтай үлбіреп жұмсарады оны шиге тартып, жылы шымшым суды сеуіп, мүмкін болса 5-10 қыз келіндер білегімен, қолымен аударып басқан. Тіпті кей жерлерде ауылдың ыспар жігіттері атпен арқанмен ыспалап басып жатады, мұны киіз басу деп айтамыз.

Серік Жаңқабайұлы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

“Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны” мақалалар байқауының жеңімпаздары анықталды

«Адырна» порталының Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп  ұйымдастырған «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» ...