Министр діни ағымдардың күшейгенін айтты

2809
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева діни ағымдардың күшейгенін және дін туралы заң қайта қаралатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, терроризм және діни экстремизм қағидаларын қамтитын 14 860 материал анықталған.

«Мәселе халықтың діндарлығында емес, діни сауатсыздығында. Әрине, бүгінде дәстүрлі ағымдармен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардың белсенді жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл бағытта министрлік үш бағыт бойынша жұмыс жүргізеді: тәулік бойы мониторинг, әсіресе әлеуметтік желілер мен интернет-басылымдарда деструктивті сипаттағы материалдарды анықтау. 1 қаңтар мен қыркүйек айының соңына дейінгі кезеңде интернетте үгіт-насихат, терроризм және діни экстремизм қағидаларын қамтитын 14 860 материал анықталды.

Бұл осындай діни ағымдардың жұмысының күшейгенін көрсетеді. Әрине, біз депутаттарымыздың өтініштерін мұқият тыңдап, зерделейміз. Әрине,  бұл бағытта «Дін туралы» заңның кейбір нормаларын қайта қарау бойынша жұмыс істейміз, - деді Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер