Қарағандыдағы ұшақ апатының ықтимал себептері айтылды

2264
Adyrna.kz Telegram

Көлік министрлігі Авиация комитеті төрағасы Талғат Ластаев оқу-жаттығу кезінде Қарағанды облысында болған ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Үкімет отырысынан кейін Талғат Ластаев журналистердің қойған сауалдарына жауап берді. Комитет төрағасы қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Апаттан кейін тергеу амалдары бірден басталды. Оқиға орнына мамандар барды. Әуедегі ұшақ апаты бойынша негізі үш нұсқа қарастырылады. Ол адами фактор, техниканың істен шығуы, және сыртқы әсерлер», - деді министр.

Сонымен қатар авиация комитетінің басшысы, нұсқаушының тәжірибелі болғанын айтты. Тергеу қорытындысы бойынша нәтижелер қосымша хабарланатынын жеткізді.

«Нұсқаушы ұшқыш тәжірибелі, ол әуеде 1097 сағат ұшқан. Алғашқы дайындықты Жуковский атындағы әскери-әуе академиясының әскери-әуе күштерінің жоғары оқу орталығында өткізді. Оған куәлік 2019 жылы берілді. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты, әскери дәрежесі – қатардағы жауынгер», - дейді ол.

Еске салайық, 30 қыркүйек күні Қарағанды облысында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

 «Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер