Павлодарлық дәрігер ұшақта адам өмірін құтқарып қалды

563
Adyrna.kz Telegram
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

29 желтоқсанда Ташкент - Астана бағытында ұшып келе жатқан ұшақ бортында  жолаушының жағдайы нашарлап, Павлодарлық дәрігер әйелдің жанынан бір сағаттан астам уақыт  медициналық көмек көрсеткен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, ұшу кезінде жолаушылардың бірі ауырып қалған. Бортта Павлодарлық дәрігер-анестезиолог Мұрат Сүлейменов болды, ол жедел көмекке келіп, жолаушының жағдайын бақылап отырды.

Бір сағаттан астам уақыт бойы дәрігер әйелдің жанында болып, қажетті көмек көрсетті.

«Экипаждың үйлесімді жұмысы мен Мұрат Сүлейменовтің кәсібилігінің арқасында әйелдің жағдайы айтарлықтай жақсарып, ол жолды жеңіл әрі сенімді түрде жалғастыра алды», делінген хабарламада.

Мұрат Сүлейменов Павлодар теміржол ауруханасында анестезиолог болып жұмыс істейді, жоғарғы санаттағы білікті дәрігердің 28 жыл жұмыс өтілі бар.

Пікірлер