Қарағанды облысында ұшақ апатынан 2 адам қаза тапты

1682
Adyrna.kz Telegram

2023 жылдың 30 қыркүйегінде Қарағанды ​​облысында ұшақ апаты болып, салдарынан екі экипаж мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу өткен. P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтеріліп, кейін байланысқа шықпаған.

Әуе апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болған.

«Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты. Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады» делінген хабарламада.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер