Өзіне қол жұмсамақ болған оқушы жайы. Министрлік арнайы түсініктеме берді

1967
Adyrna.kz Telegram
2023 жылғы 11 қыркүйекте Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланды. Министрлік өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz сайтына сілтеме көрсете отырып. 
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қазір аталмыш жағдай бойынша жұмыс тобы құрылған. Жағдайдың Оқу-ағарту министрлігі, Балалардың құқығын қорғау комитетінің бақылауында екенін айтылды. Жағдайдың анық-қанығын анықтау үшін басшылық мамандарының Талғар ауданындағы мектепке аттанғаны хабарланды.

"Осы жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен Алматы облысының білім басқармасының басшылығы шұғыл түрде бала оқитын мектепке аттанды", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында оқушы бала хат жазып қалдырып, көп аспирин ішіп, төсекке жатып қалған. Ауыл хәлде жатқан баласының үстінен түскен анасы жедел-жәрдем шақыртқан.

Полицейлер қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерделеу үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер