Алматы облысының бұрынғы әкімі, мемлекет және қоғам қайраткері Аңсар Мұсаханов өмірден өтті. Қаралы хабарды Сенат депутаты Жанболат Жүргенбаев жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов 1966 жылы дүниеге келген. Ол ауыл шаруашылығы саласында еңбек жолын бастап, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Алматы облысының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты сынды қызметтерді атқарды.
«Өмірде болмысы бөлек, ұстанымы берік азамат еді. Халқына берер пайдасы мол тұлға болатын. Ол өзінің адал еңбегімен, парасаттылығымен ел құрметіне бөленді», – деп еске алды сенатор Жанболат Жүргенбаев.