"Мен семіз адамдарды жұмысқа алмаймын". Ресейлік кәсіпкер тағы да айғай-шуға бастайтын әңгіме айтты

1590
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік кәсіпкер Александр Орлов қызметтегі бөлім басшыларын таңдағанда олардың артық салмағына килігіп, денесіне қатты мән беретінін айтты. Оның мұндай тосын мәлімдемесі дүйім жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

- Майы бүлкілдеген адамдарды жұмысқа алмаймын. Шектен тыс толық адамдарды айтам. Ондайларды жұмысқа алып қажет емес, өйткені қауіпті, - деді ол.

Орлов артық салмағы бар адамдардың жауапкершігі жоғары деңгейде болмауы мүмкін дегенді де айтты.

"Сіз туған кезде "жоғарыдан" берілген денемен туыласыз. Ал жайылып кетіп, денеңізге жөнді қарай алмадыңыз. Бұл неден хабар береді? Демек, қалғаны 100%-дың бәрін де жіберіп аласыз, соның ішінде жұмыс та бар", - деді Орлов.

Ресейлік кәсіпкер Алматыдағы Queen Almaty, DragonFly, Blue Cat Coffee, Manana, Tanuki мейрамханаларының иесі, ал Астанада оған Ryba Pila және "Орел моншалары" кешені тиесілі.

2022 жылдың сәуірінде кәсіпкер қазақстандықтардың сынына ұшырады. Ол жергілікті кадрлар біліктілігінің жеткіліксіздігі туралы асырып айтып, басы дауға қалды. Кәсіпкер кейін өз сөзінің дұрыс түсіндірілмегенін айтып, ақталды.

"Мен тек жергілікті кадрларды оқыту үшін Қазақстанға топ-менеджмент әкелетінімізді айттым, бірақ біздің қазақстандық мекемелерде қызметкерлердің 99% — ы қазақстандықтар. Мен өзім ренжіткен адамдардан кешірім сұрадым", - деді ол.

Орлов мұның бәріне SMM мамандарын айыптап, қате сөйлеуге жол берді деп халықты сендірмек болған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер