Қаратауда 8 жасар қызды кім өртеп жібергені анықталды

1953
Adyrna.kz Telegram

Полиция күдікті бұған дейін ұсақ заттарды ұрлағаны үшін сотталғанын мәлімдеді

Жамбыл облысында 8 жасар қызды өлтірді деген күдікпен Қаратау қаласының тұрғыны ұсталды.

37 жастағы ұсталған азамат кінәсін мойындады, деп хабарлады "Хабар 24".

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұған дейін 175-бап бойынша, яғни ұсақ заттарды ұрлағаны үшін сотталған.

Естеріңізде болса, Аруай Берік 24 сәуірде жоғалып кеткен, ал келесі күні Қаратау қаласының маңында бүлдіршіннің өртелген денесі табылған.

Қазіргі уақытта "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыскер 15 жылдан жоғары мерзімге сотталуы мүмкін.

 

Пікірлер