Алматы қаласында «Азия дауысы» музыкалық фестивалі қалай өтті?

1251
Adyrna.kz Telegram
Фотосурет: «Азия дауысы 2023» ұйымдастырушылары/Борис Юрьев
Фотосурет: «Азия дауысы 2023» ұйымдастырушылары/Борис Юрьев

Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега-жұлдыздары «Азия дауысы–2023» фестивалінде өнер көрсетті, - деп жазады "Алматы Ақшамы" басылымы.

Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті. Ол zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтің арқасында мүмкін болды. Неліктен «Black Eyed Peas?». Олар Қазақстанға қалайша келді? Сәбит Сүлейменовтің айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр. Егер олар Америкада болғанда алып келу қиынға соғар еді. «Азия дауысының» уақытында олар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді.

Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы «Where is the Love?» хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Бірге атап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J.Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды.

Кешегі концертте кішігірім оқиға болды. Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстап кірді. Тіпті,  онымен бірге әннің бір бөлігін орындады. Оның қуанышында шек болмады! Стадиондағы бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдің өзінде жанданған «Азия дауысы» туризмінің дамуына мықты әсер беруде. Себебі,  Қазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елдерден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрын-соңды мұндай керемет шоуды көрген емес: Black Eyed Peas 2000 жылдардағы хиттерін орындаған кезде көрермендер түгел  билеп кетті.

Бұл салтанатты кеш өте жақсы аяқталды. «Харекет» қоғамдық қоры «Азия дауысы» сахнасында қазақстандықтардың ақшасына сатып алынған пәтердің кілтін мұқтаж отбасына табыс етті! «Харекет» қоры 2017 жылы «1000 ТЕҢГЕГЕ БАСПАНА» жобасы аясында құрылған еді. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін әркім бар болғаны мың теңге бере алады. Осылайша көмекке қажетті сома жиналады. Құрылғалы бері қор отбасыларға 650-ден астам үй сатып алса, кеше Айгүл Сарыбаеваның отбасы баспана кілтін алды. Шаңырақтары бақытқа толы болсын! «Азия дауысы» әнмен ғана емес, игі істермен де біріктіреді!

Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудың арқасында мүмкін болғанын еске саламыз! «Азия дауысы–2023» фестивалінің бас серіктесі және тең ұйымдастырушысы – Halyk Bank. Оның сыйлықтары күн сайын Медеудегі іс-шаралар кезінде ойнатылады және оған барлығы қатыса алады!

30 шілдеде өтетін концертке билет сатып алғандар фестивальдің тағы бір демеушісі  – Allur Auto ұсынған Chevrolet Onix автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

Алматы қаласының әкімдігі көрермендердің Медеуге оңай жетіп, қалаға жылдам оралуын қамтамасыз етті. Фестиваль кезінде қосымша автобус бағыты іске қосылды. Сәтбаев пен Байтұрсынов қиылысынан автобустар сағат 14.00-ден 24.00-ге дейін 10–15 минут аралықпен жүріп тұрды. Бір бағытқа жүру құны 150 теңге. Кеше концерттен қайтқан халықты автобустар тегін тасыды.

Ресми телеарна: Silk Way болса, ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы» болды.

Ақпараттық қолдауды «1 канал «Евразия», «НТК», MUZZONE TV, Business FM, RadioCitу, «Деловой Казахстан», «Қала мен дала», «Новое поколение», «Московский комсомолец», Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Kursiv.media, Nege.kz, Arbat.media, Informburo.kz, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, Weproject.media, DALA INSIDE телеграмы, Түркітілдес журналистер қоры мен «Қазақстандық пресс-клуб» жүзеге асырды. Сонымен қатар,  «Азия дауысы» жобасының негізін салған, идея авторы Мұрат Ерғалиев пен режиссер Александр Пономаревтың ерлігі ойға оралады.

Айта кетейік, ән фестивалі 3 күнге созылған болатын. Жас өнерпаздар  Ғалымжан Молданазар, Садриддин,  тағы басқалар өнер көрсетті, ән шырқады.

«Біздің шарамыз көптің көңілінен шыққанына ризамыз. Көрермендер көптеп келді. Қолдауларыңызға алғыс білдіреміз», – деді медиаменеджер Арманжан Байтасов. Қазіргі таңда жас өнер жұлдыздары өсіп келеді. Олар да аты аңызға айналған фестиваль концертіне қатысқандықтарына дән риза.

«Азия дауысы» – аңызға айналған фестиваль. Бала кезімізден ынтық болып өстік. Бүгінде әртіс ретінде өзім шықтым. Жүрегімнен үлкен орын алады», – деді әнші Ғалымжан Молданазар. Сондай-ақ,  қала тұрғындары да өз көңіл күйімен бөлісті. Іштегі сырларымен бөлісіп, бұрынғы кезеңдерді еске алды.

«Қанша жылдан бері күттік. Осы концерттік шараны сағындық. Сонау 2000 жылдардың төңірегінде аты дүркіреп тұратын. Сол кезде теледидардан көрсетіп, газетке жарнамалайтын. Енді тек жандана берсін деген ниеттеміз», – деді қала тұрғыны Гүлзира Оразова.

Пікірлер