Көкейдегі көп сұраққа жауап алдық

1897
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын мұқият оқып шықтым. Ел ішінде қызу талқыға түсіп жатқан бұл жарияланымда өткен жылы елімізде болған маңызды саяси оқиғаларға жан-жақты шолу жасалған екен.

   Мемлекет басшысы «Қаңтар оқиғасы» мен қос билік мәселесіне қатысты сұрақтарға ашық жауап беріпті. Расында да, «бұл ешқандай да революция емес, жүзеге аспай қалған мемлекеттік төңкеріс»еді.

   Қасіретті Қаңтар оқиғасының басты себебін түсіндірген Президент жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалардыңосындай ахуалға әкелгендігін ашып айтқан. Сол аласапыран күндерде мемлекетімізді сақтап қалу, елдегі заң мен тәртіп үстемдігін қалпына келтіру Президент үшін ең басты міндет болды. Ол елдігімізге түскен сын сағатта көшбасшылық танытып, өзіне жауапкершілік ала білді. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтіндігі ақиқат.

    Президентіміздің азаматтық ұстанымы, біздер –  жастар үшін  үлгі әрі өнеге. Ең маңыздысы, сұхбаттан Әділетті Қазақстан қағидаттарына деген жауапкершілікті, демократиялық үрдістерге деген адалдықты сезіндік.

   Бұдан өзге зорлық-зомбылық жасағандарға жазаның күшейетіні қуантты. Атом электр стансасын салу-салмау мәселесі – тек халық шешетін маңызды мәселе деп тұжырымдалғаны көңілімізді жұбатты.

    Мемлекет басшысы ел арасындағы  өзіне қатысты «Ата заң қайта өзгертілмек, 2026 жылы екінші мәрте президент сайлауына түспек» деген қауесеттің жалған екенін де тілге тиек етті. Оның ұстанымы: «кеттің бе, қайта     қайырылмау керек.

   Сұхбатта патриотизм туралы да ауқымды сөз қозғалған. Сол тұсын оқыған кезде менің ойыма бірден «Рухани жаңғыру» бағдарламасы келді. Президент тарихқа тереңірек көңіл бөлу қажеттігін аманаттады. Біз ұлттық пен ұлтшылдықтың айырмашылығын айқын түсінуіміз керек.

   Сапалы білім беру мен ғылымды дамытуөзектілігін жоймайтын мәселе. Бұл озық мемлекеттің күн тәртібінде тұрған мәселелер деуге келеді. Расымен соңғы жылдары ғылым саласында біршама өзгеріс болғанын байқау қиын емес. Ғылымды қаржыландыру тәсілдері жақсарып, қаржы көлемі едәуір артты. Ғылыми мекемелер біртіндеп жаңғыртылып жатыр. Әлемге әйгілі ғылыми орталықтарда тәжірибеден өткен мамандар саны көбейіп келеді. Бір сөзбен айтқанда, жастардың ғылымға деген қызығушылығы ояна бастады. Сұхбатта Президент нағыз отаншыл және адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар деп еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдікті атады.Біздер, бүгінгінің жастары  осы қасиеттерге адал болсақ, жарқын болашағымызға  жол аша аламыз деп ойлаймын.

   Білім саласында балалар үшін жайлы мектепбағдарламаларын жан-жақты іске асырудың  да маңызы зор болмақ. Мұғалімдердің жалақысыныңкөтерілуі де, жоғары білім саласында болып жатқан жағымды жаңалықтар мен өзгерістер де жаңа қоғамға екпін беретін алғышарттар болмақ.

  Президент сұхбатында өзекті және бүкіл қазақ қоғамын алаңдататын мәселелер қозғалып, түйткілді сауалдардың түйіндері тарқатылыпты. Халық бұл сұхбаттан көкейде жүрген  көптеген сауалдарына жауап ала алды деп ойлаймын.

фото: elana.kz

Пікірлер