Тараздағы фосфор зауытында жарылыс болды

2933
Adyrna.kz Telegram

Тараздағы фосфор зауытында жарылыс болып, жұмысшылар химиялық күйік алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл серіктестік «Қазфосфат» ЖШС-ге қарайды. Төтенше жағдай 3 тамыз күні сағат 11:30 шамасында болған.

«Сары фосфор қоймасының территориясында № 7 цехтың қара жұмысшысы Орманов Данияр және № 31 шикізат дайындау цехының аға инженері Қалдыбай Шахадияр химиялық күйік алды. Зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жұмыс кілт тоқтатылып, оқиға орны қоршалды»,—деп түсіндірді жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастарға термиялық күйіктің 2-3 кезеңі, 22% күйген деген диагноз қойылған.

Жазатайым оқиғаның алдын ала себебі - қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер