"2023 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының фракция мүшесі Нұргүл Тау еліміздің премьер-министріне депутаттық сауал жолдаған болатын. Сауал қазақстандықтардың балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында вейптердің таралуын тоқтатуды талап еткен үндеулеріне негізделген", – делінген хабарламада.
Депутаттың айтуынша, ведомствааралық комиссия мүшелерінің барлығы дерлік бірауыздан вейптердің қолданысына тыйым салу керек деп санайды (12 қарсы 2). Олар вейптерді сатуға, әкелуге, экспорттауға және өндіруге қарсы және мұны толық тоқтату қажет екендігін білдірген.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда вейп айналымы 300 есеге өскен. Соңғы бірнеше жылда балалар мен жасөспірімдер арасында вейп тұтыну айтарлықтай өскен. 2,5 жыл ішінде елімізге 3 миллионға жуық вейп әкелінген.
"Адырна" ұлттық порталы