Айдын Құлсейітов Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болды

1588
Adyrna.kz Telegram

Айдын Құлсейітов Президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол Президенті әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Айдын Жеңісұлы Құлсейітов 1976 жылы Өскемен қаласында туған.

1997 жылы – Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы – ҚР президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған. Техника ғылымдарының кандидаты.

1996-2000 жылдары – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2000-2003 жылдары – Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы.

2003-2004 жылдары – ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.

2004-2008 жылдары – Индустрия және сауда министрлігінің тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, индустриалдық саясат департаментінің директоры, хатшылық – стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.

2008-2009 жылдары – Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2009-2014 жылдары – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»).

2014-2017 жылдары – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы.

2017-2019 жылдары - Президент әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.

2019 жылғы 22 шілдеcінен бастап Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Пікірлер