Байырғы викингдердің руникалық әліппесі мен ескі түркі руникалық әліппесінің түпкі сыры

2253
Adyrna.kz Telegram

Профессор, академик Әділ Ахметовтың «Викингдердің ізімен» (Ғылыми гипотезалық туынды) кітабының «Араб дереккөздеріндегі байырғы скандинавиялықтар» деп аталатын бөлімі бұдан алдын оқырман назарына ұсынылған. Осы кітаптан үзінді жариялауды одан әрі жалғастырамыз. Бірге оқиық.

 

Бұл тақырыпты қозғағанда Ресейдің әйгілі тюрколог ғалымы
Д. Васильевтің еңбегіне [1] соқпай өту мүмкін емес. Өйткені
ғалымның бұл еңбегі түркітілдес халықтардың тілдері мен тарихын
және олардың жазу мәдениетін зерттеуде таптырмайтын дерек көзі
болып табылады. Сосын, ерекше мән беретін және бір фактор
мынау: бұл құнды еңбегін жазбас бұрын ғалым ұзақ жылдар бойы
экспедицияларға шығып, байырғы түркі руникалық жазу
үлгілерінің нұсқаларымен көзбе-көз танысып, олардың
көшірмелерін жасаудың нәтиижесінде, Енисей өзенінің бойындағы
руникалық жазу ескерткіштерінің корпусын толық
қалыптастырған-ды.

Д. Васильевтің пікірінше, жоғарыдағы жазу үлгілерінің қай
халыққа тиесілі екені туралы алғашқы болжамдар XVIII ғасырда
басталған. Өйткені дәл сол дәуірде Ресей императоры бірінші Петр
Сібірге экспедиция аттандырып, Батыс ғылымында құпия аталған
әлгі жазу үлгілері туралы мәлімет жината бастаған. 1722 жылы
Сібірде жүргізілген аталмыш экспедицияға императордың өзі
тағайындаған Д. Мессершмидт есімді неміс ғалымы жетекшілік
етеді. Бұл экспедицияға ол бұрынғы швед армиясының офицері
болған Филипп Иоган Страленбергті де қатыстырады. Страленберг
Полтава түбіндегі орыс-швед соғысында тұтқындалып, Ресей
билігі оны Сібірдегі Тобол қаласына жер аударады. 13 жыл
тұтқында болғанымен, әлгі аймақтан өте қомақты этнографиялық
және картографиялық материал жинап алады да, оларды оңтүстік
шығыс Азияның картасын жасауға өте тиімді пайдаланады және
Мессершмидт экспедициясына да өзінің үлкен үлесін қосады.

Мессершмидт өз күнделігінде Енисей бойындағы
құлпытастарда бәдізделген руникалық жазу үлгілерінің солтүстік
батыс Еуропадағы кельт/гот графикасымен туыстығы бар деген
батыл болжам жасайды.
Д. Васильевтің пікірінше, бұл болжамды британдық
профессор Т. Байер де (Professor Theophilus Siegfried Bayer) [2],
неміс ғалымы П.С. Паллас та қолдаған [3], алайда олардың екеуі де
Д. Мессершмидт секілді әлгі жазулардың түркілік түпкі тегінен
мүлде бейхабар еді.
1818 жылы ғалым Г. Спасский Сібірдегі руникалқ
жазулардың атласын жарыққа шығарады. В. Гумбольдт пен
Ф. Круг сынды академиктер әлгі атласпен танысқан соң, ол
еңбекке қызығушылықтарын бірден білдіреді. Соңыра, академик
Ф. Круг аталмыш атласты латын тіліне аударып жариялайды.
Сөйтіп, орхон-енисей жазуларымен ендігі жерде шығыстанушы
өзге ғалымдар да таныса бастайды. Бірақ өкінішке орай, олар өз
кезегінде әлгі жазу үлгілерін ескі славян жазуларнына жатқызуға
тырысады. Алайда шындық қап түбінде жатпайды емес пе, дәл сол
кезде венгер ғалымы А. Вамбери мен орыс ғалымы А. Шифнер
Сібірдегі руникалық жазулардың түркі халықтарының
тамғаларымен ұқсас екендігін жариялайды. Бұл көзқарасты Н.
Малицкий мен Н. Аристов та қолдап шығады. Кейін Сібірдегі
Орхон өзенінің бойындағы руникалық жазуларды Н. Ядринцев
пен В. Радлов та, сол сияқты этногрф, археолог әрі географ
Д. Клеменц те зерттей бастайды. Ол ғалымдар құлпытастардың
бетіне бәдізделген әлгі руникалық жазулардың қасынан қытайша
жазылған мәліметті анықтап, орхон жазбаларының түпкі тегі
көктүрікерге тән екендігін айқындайды.
Байырғы түркі руникалық жазулары тек Сібір мен Монғолия
жерінде ғана емес, Қазақстан территориясында да, атап айтқанда,
Талас, Іле, Сырдария, Ертіс және Жайық өзендерінің бойында да
жиі кездеседі. Сол сияқты ондай жазулар солтүстік Еуропада,
әсіресе, Дания, Швеция және Норвегия мемлекеттерінің
территорияларында да көптеп кездеседі. Сондықтан да болар,
Данияның ұлы лингвист әрі тарихшы ғалымы Вильгельм Томсен
орыс ғалымы Н. Ядринцевтің 1889 жылы Монғолияға жасаған
экспедициясының нәтижелерін үлкен қызығушылық білдіреді.
Себебі Н. Ядыринцев моңғол жеріндегі Кошо-Цайдам деп аталатын
сайда орналасқан Эрдин-цзу монастырының маңынан екі құлпытас

бетіне бәдізделген руникалық жазулармен қатар Қытай жазбаларын
да байқайды. Сол құлпытастардан ғалымдар 40 жолға жуық
руникалық жазу үлгілерін көшіріп алып, Ресейге қайта оралған соң,
олардың көшірме нұсқаларын іргелі ғалымдарға таратып жібереді.
Ал Вильгельм Томсен болса, олардың сырын ашуға бірден кірісіп
кетеді де, орхон-енисей жазуларының астарлы сырын түбегейлі
ашып береді. Ол әлгі жазулардың фонетикалық мәнін де қоса
айқындайды. Өзі ашқан ғылыми жаңалықтарының нәтижелерін ол
1893 жылы Дания Корольдігінің ғылым академиясына баяндайды.
Бұл жаңалығын ол сәл ертерек акдемик В. Радловқа да айтып
берген-ді. Ал Радлов болса, Вилгельм Томсенге сілтеме жасай
отырып, 1894 жылы әлгі жазулардың толық тәржімесін ұсынады.
Сонымен қатар, В. Радлов жоғарыдағы екі құлпытастың Білге
қаған мен оның туған бауыры Күлтегінге бағышталғанын да қоса
анықтаған.

Кейінгі жылдары байырғы түркі жазуларын зерттеп-
зерделеуге орыс ғалымдыры С. Малов, С. Кляшторный және
В. Левшиц те өз үлестерін қосады. Соның нәтижесінде орхон-
енисей жазуларының ешбір талассыз түркі халықтарына тән жазу
жүйесі екендігі түбегейлі дәлелденеді. Қазақ ғалымдарының ішінен
бұл саланы зерттеуге қомақты атсалысқан белгілі ғалымдар -
Ғ. Айдаров [4], М. Жолдасбеков [5] және Қ. Сартқожа [6].
Дәл осы тұста “жоғарыда аталған кейбір еуропалық ғалымдар
көне түркі руниклық жазуларының түпкі тегін скандинавиялық
немесе славян жазуларынан тараған деген негізсіз болжамды
неліктен жасаған?” деген сұрақтың туындауы заңды.

Бұл сұрақтың жауабын іздер болсақ, мыналарды аңғарамыз: біріншіден,
скандиявиялық вкингдедің руникалық жазулары мен ескі түркі
руникалық жазулардың ғажап ұқсастығы тайға таңба басқандай,
менмұндалап тұр. Ол ол ма, байырғы вкингдедің руникалық
әліппесі мен орхон-енисей әліппесі бір-бірінен айнымайды. Бұған
көз жеткізу үшін, Иитернет ғаламторында тұрған екі әліппенің
руникалық таңбаларын бір-бірімен салыстырсақ жеткілікті.
Олардағы таңбаларының сыртқы бейнелері ғана емес, 24 таңбаға
теңелетін әліппелері де бірін-бірі айнытпай қайталайды. Бірақ
солай екен деп, олар көктүріктерге батыстан келді деуге мүлде
орын жоқ, өйткені ескі түркі руникалық жазу үлгсінің түркілік тегін
әлгі құлпытастардағы қытайша бәдізделген мәліметтер де толық
мақұлдап тұр. Екіншіден, ескі түркі руникалық жазу үлгілерінің

негізін славяндардан іздеудің астарында Сталин заманының
империялық саясаты жатқаны күмән тудырмайды. Мұның дәлелін
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түркология саласында ғылыми
зерттеу жұмыстарын кілт тоқтатқан Сталин жарлығынан да анық
көрінеді. Сол жарлыққа қол қойылған сәттен батап, Вильгельм
Томсен мен Радловқа сілтеме жасаған тюрклог ғалымдардың
жаппай бастары алына бастайды немесе олардың өлім құрығынан
аман қалғандары каторгаға айдалған болатын. Ол ол ма, Орхон
және Енисей өзенінің бойындағы көктүріктердің көсемдеріне
қойыйлған тас мүсіндердің бастары тұтастай саясат қылышымен
қағылып тасталған болатын. Бұл жабайылықтың астарынан түркі
өркениетінің жетістіктеріне деген Ресей империясының тарапынан
қаса-қана қастандық пен көре алмаушылықты және ешбір жөні жоқ
іштарлықты, сол сияқты Ресейдің империялық ғылымының мүлде
саясиланып кеткендігін айқын көруге болады. Есесіне, бұл
шындықты бұл күнде күллі әлем ғалымдары біледі. Өйткені
шындықтың қап түбінде жатпайтыны, яғни ерте ме, кеш пе, әлгі
қапты тесіп шығатыны қақ. Сол шындықтың бірі - Википедиян
алынған төменгі суреттерде бейнеленген, тайға таңба басқандай,
көзге ұрып тұрған түбі түркі викинг әліппесі мен Орхон-Енисей
руникалық әліппесінің арасындағы ғажап ұқсастық.

Байырғы скандинавиялық әліппе

 

Көне түркі немесе Орхон-Енисей әліпбиі

Бұл орайда кезінде Ресейдің ұлы ақыны А.Пушкиннен бастау
алған, одан соң алдымен Еуропаға, содан кейін күллі әлемге тарап
кеткен “Орыстың бетін тырнаса, арғы жағынан татар шығады”
деген астарлы әпсана ойға оралады. Сосын, әлгі әпсананың нені
меңзеп тұрғанын байқамау да мүмкін емес. Себебі бұл сақалды
әпсананың астарында “Ресейдің түпкі тарихын түркі өркениетінсіз
елестету мүмкін емес” деген терең шындықтың құлағы қылтиып
тұр. Сондай-ақ, бұл тарихи шындықты жасыру да немесе мүлде
теріске шығару да мүмкін емес. Өйткені, бүгінгі ғылым биігінен
әлем тарихына терең үңілер болсақ, жоғарыдағы мәтелге айналған
құндылықтың ішкі қатпары одан да тереңірек екеніне көз
жеткіземіз және бұл түйіндеменің жай ғана құрғақ сөз емес екеніне
түркі өркениеті тарихының бірегей білгірі Лев Гумилевтің “Біздің
әкеміз – Шыңғыс хан, анамыз – Алтын Орда, ал атамыз – Ұлы түрік
қағанаты” деген пікірі нақты дәлел бола алады.

Көріп отырғанымыздай, жоғарыдағы екі әліпбидің бір-бірінен
ешбір айырмашылығы жоқ. Ендеше, бұл әліпбиді Батыс әлемінің
өзі де кезінде Азия кіндігіндегі көктүріктердің жазу мәдениетінен
алғаны дау туғызбаса керек. Себебі, Д. Васильевтің жоғарыда
аталған монографиясында келтірілген нақты деректерге қарағанда,
көне түркі руникалық жазулары тек құлпытасарда ғана кездеспейді.
Олардың қолданылу аясы өте кең болған, яғни қарапайым халық та
әлгі жазу үлгісін кеңінен пайдаланған. Өйткені ол жазулар
халықтың күнделікті пайдаланып жүрген бұйымдарының, атап
айтқанда, белдіктерінің айылдарына, жылқы әбзелдеріне, сол
сияқты сақина, жүзік немесе білезіктердің қырларына немесе басқа
бұйымдардың бетіне де бәдізделетін болған [7].

Сілтеме жасалған әдебиеттердің тізімі:

1. Васильев Д.Д. Графический фонд памятников тюркской
рунической письменности азиятского ареала. Издательство
«Наука». Москва, 1983. Өз кезегінде Д.Д.Васильев төмендегі
ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасайды:
А.Н.Самойлович. Материалы для указателя литературы по
енисейско-орхонской псьменности; А.М.Щербак. Енисейские
рунические надписи. К истории откпытия и изучения;
Д.М.Насилов. Древнетюркская письменность в исследованиях
последних лет; Е.Тырярский. Еще раз о методике издания
рунических надписей. – Turkologia. К 70-летию акад.
А.Н.Кононова; Г.Айдаров. Библиографческий указатеь
литературы по енисейско-орхонским и таласским
памятникам древнетюркской письменности.
2. Bayer Th.S.Vetus inscriptio prusica. – Commentarii Academiiae
Scientiarum Imp.Petropolitanae. Petropoli,1927.
3. Pallas P.S. Neye Nordliche beltrage zur physikalischen und
geographischen Erd-und Volkerschraibungen. T.5. St.-Pbg., 1573.

107

4. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі. Алматы. Мектеп, 1971.
5. Жолдасбеков М. Көне түрк жазба ескерткіштері.
Хаықаралық түркі академиясы, 2017.
6. Сарткожаулы К. Генезис древнетюрксого рунического
письма, 2012.
7. Васильев Д.Д. Графический фонд памятников тюркской
рунической письменности азиятского ареала. Издательство
«Наука». Москва, 1983. 10-14 беттер.

 

Әділ Ахметов

 

(жалғасы бар)

 

 

Пікірлер