Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір кітабы табылды

2117
Adyrna.kz Telegram

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жұрт байқамай жүрген бір кітапшасы табылды, деп жазады "Адырна". Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы музейінің меңгерушісі Әділет Ахмет әлеуметтік желіде жазды. 

Баршаға мәлім Ахмет Байтұрсынұлының "Қырық мысалының" ішіндегі "Маймыл мен көзілдірік" шығармасы жеке кітап ретінде табылды.  Кітап осыдан 101 жыл бұрын Ташкенде өңді-суретті (цветной) үлгіде басылған. Ғалым аударған құнды еңбектің бір парасы басылым көргеніне 101 жыл өткен.

"«Маймыл мен көзілдірік» атты мысал кітапша 1922 жылы Ташкентте басылған. Түркістан республикасының баспасөз шығарушы мекемесі жағынан басылым көрген бұл жәдігер Ұлт ұстазының көзіндей қымбатты мұра деуге болады. Кітапша өңді-суретті үлгіде басылған. Бас-аяғы 12 беттен тұратын кітапшаның жобасы кісінің көзін тартып, көңіліне түрлі ой салады.
Кітаптың мұқабасында жапа-тармағай ағаш басына өрмелеген маймылдар бейнеленген. «Маймыл мен көзілдірік» атты кітап атынан кейін «И. А. Крылов хикаясынан қазақшалап жазушысы А. Байтұрсынов» деп көрсетілген" деп жазды автор.
Сондай-ақ, ол кітапбың басқы беттері жыртылғанын және кей әріптері көрінбейтінін жазды.
Пікірлер