«Украина, сөзсіз, НАТО-ға мүшелікке лайық». Ердоған Украинаны қолдайтынын айтты

1890
Adyrna.kz Telegram
Фото: uanews.net
Фото: uanews.net

Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған Украинаны қолдайтынын айтты. Бұл туралы ол Зеленскиймен бірлескен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Украина, сөзсіз, НАТО-ға мүшелікке лайық. Осы тұста бір нәрсені қайталап айтқым келеді. Әділдік орнаған әлемнен ешкім ұтылмайды", - деді

Ердоған Түркия Украинаның "аяққа тұруына" көмектесетінін айта кетті.

"Украинадағы осы нарықтың көшбасшысы болып табылатын құрылыс компанияларымыз украиндық достарымызға елді қалпына келтіруге көмектеседі", - деді Түркия президенті.

Айта кетейік, Ердоған мен Зеленский арасындағы келіссөз жұма, 7 шілдеде Ыстамбұлда өтті. Ел басшылары Украинадағы жағдайды, сондай-ақ мерзімі 17 шілдеде аяқталатын астық келісімін ұзарту мәселесін талқылады.

 

Пікірлер