Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 15 тәулікке қамауға алынды

1686
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы басшының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған қатардағы Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды - әскери бөлім бастығының белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындаудан ашық бас тарту. Сот 2023 жылғы 2 шілдеде әскери бөлімнің әскери қызметшісі қатардағы Б.-ның Алматы гарнизонының гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне баруға міндетті болғанын анықтады. Алайда ол оған лейтенант А. әкелген бөлім командирінің бұл бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартып, әскери полиция басқармасының ғимаратына келген көлікпен белгісіз бағытта кетіп қалған", - делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында Тұрлыхановтың ұлы іс материалдарында көрсетілген деректерді растады.

"Сот қаулысы бойынша, қатардағы жауынгер Б. ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

 

Пікірлер