"РОП операторы" компаниясының "негізін қалаушы" Шынар Мұхтарова Дубайда ұсталды

1993
Adyrna.kz Telegram

Біріккен Араб Әмірлігінде "РОП операторының" бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі мәлімдеді. 

«Іздеуде жүрген "РОП операторы" басшысы БАӘ-де ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «РОП операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Мұхтарова Ш. іздеуде болған болатын" делінген хабарламада.

Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдарымен қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүргізіп жатыр», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шынар Мұхтарованы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның жақын адамы деген ақпарат айтылған болатын. Кейде оны Назарбаеваның үй қызметшісі дейтін.

Еске салайық, "Антикор" компанияның бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтароваға іздеу жариялаған. Ол 2017-2018 жылдары утилизация алымы жинағынан Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, 920 млн теңге мөлшерінде заңсыз дивиденд алды деп айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, Астана қаласында ағымдағы жылдың 17 сәуірде "РОП операторы" компаниясының бұрынғы басшылығы мен экология министрінің орынбасарына қатысты сот ісі болған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "экология министрлігі мен "РОП операторы" ЖШС лауазымды адамдары 180 млрд теңге ұрлап, қаржыны қоқыс өртейтін алты зауыт салатын компанияға аудармақ болғанын" анықтаған. Күдіктілер сотта тағылған айыпты мойындамайтындарын жеткізді.

Пікірлер