Ирина Дубцованың Өзбекстандағы концерті өтпейтін болды

3279
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік әнші Ирина Дубцованың Ташкент қаласында жоспарланған концерті өтпейтін болды. Бұл туралы Anons.uz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басылымның мәліметінше, өнер иесі 25 маусымда «Obi Hayot» мейрамханасында өнер көрсетеді деп күтілген.

«Ақшаны қайтару туралы сұрақтар бойынша билетте көрсетілген нөмірге хабарласыңыздар»,—делінген хабарламада.

22 маусымда өзбекстандық әнші Наргиз Закирова Ирина Дубцованың жоспарланған концертін сынға алған болатын. Ол оқырмандарына «Не себепті барлығы Ташкентке асығады?» деген сауал тастап, кейін жазбасын өшіріп тастады.

Осыдан бірнеше күн бұрын өзбектер Григорий Лепстің 23 қазан күні Ташкентте өтетін концертіне де наразылық білдірді. Кейін әлеуметтік желіде «Іс-шара болмайды» деген хабарлама тарады. Алайда концертті ұйымдастырушылар бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ирина Дубцованың 24 маусым күні Қонаев қаласында концерт қойғалы жатқанын жазған едік. Кейіннен «Casino Bellagio» қонақүйі желідегі ресми парақшасынан әншінің өнер көрсететіні туралы хабарландыруды алып тастады.

Елімізде ресейлік әнші Григорий Лепстің Қонаев қаласында 8 шілдеге жоспарланған концерті де өтпейтін болды. Бұған дейін қоғам белсенділері оның Ресей басқыншылығын ашық қолдайтынын атап өтіп, Қазақстанға келуіне қарсылық білдірген болатын.

Пікірлер