15 мың турист келе ме? Дженнифер Лопестің концерті Үкіметте талқыланды

1143
Adyrna.kz Telegram
Фото: yahoo.com
Фото: yahoo.com

“Астана Концерт” компаниясының продюсері Мәлік Хасенов әлемге әйгілі америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концерті еліміз үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін маңызды оқиға болатынын атап өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазақпаратқа сілтеп.

“1 тамызда “Астана Арена” стадионында Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Бұл — коммерциялық негізде ұйымдастырылып отырған ерекше жоба. Қазақстанның шоу-бизнес тарихында мұндай деңгейдегі жоба алғаш рет өтіп жатыр”, – деді Хасенов Үкімет отырысында.

Продюсердің айтуынша, концерт Астананың әлемдік А-классты жұлдыздардың гастрольдік картасына енуіне жол ашады.

“Бұл шараға 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде. Қала экономикасына, қонақ үй, мейрамхана және кейтеринг салаларына (HoReCa) 6,5 миллиард теңге пайда түседі деп болжанып отыр. Сонымен қатар, 400 миллион теңгеден астам тікелей салық түсімі күтіледі”, – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік турнесі 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасатыны хабарланған. Тур барысында ол әлемнің 17 қаласына ат басын бұрады, олардың қатарында Астана да бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер