Ресейдің басқыншылық саясатын қолдайтын әнші Дубцова Қонаевта қонцерт қоймақшы

3034
Adyrna.kz Telegram
Ресей саясатын ашық қолдайтын әнші Ирина Дубцованың Қонаев қаласында концерт қойғалы жатқаны хабарланды. Ол өз өнерін паш етуді 24 маусым күні Қонаев қаласы, Casino Bellagio-да өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресейлік әнші Ирина Дубцова Қонаевта қонцерт қоймақшы. Әнші Украинадағы соғысты қолдап қана қоймайды, тіпті Ресей саясатын насихаттап, "За нас" атты ән арнаған. Бұл жайлы журналист Бағдат Асылбекұлы жазды:
- Соғысты қолдайтын тағы бір ресейлік әнші Ирина Дубцованың концерті Қонаевта жоспарланған. 24 маусымда Casino Bellagio - да. Қалыс қалуым мүмкін, бірақ оның концертінің болмайтыны туралы ақпаратты естіген жоқпын. Бұл деген соғысты қолдағанына қарамастан әлі де өнер көрсетеді дегенді білдіреді. Ирина Дубцова Украинадағы соғысты қолдап қана қойған жоқ. Әскери қызметке іріктеу пункттеріне барып, Ресей армиясының жауынгерлік дайындығына баға берді және Ресей саясатын насихаттап, "За нас" атты ән шығарды, - деді автор.
Еске сала отырайық, дәл осы Қонаев қаласында соғысты жақтаушы және бір әнші Григорий Лепстің концерті өтпейтін болғанын жазған едік.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер