"Керек болса сотқа бар!". Талғар ауданында су мәселесіне қатысты дау туды

1757
Adyrna.kz Telegram

Талғар ауданында су қызметкерлеріне қатысты халық наразылығын білдіруде, деп хабарлайды "Адырна". Бұл туралы аймақ тұрғыны әлеуметтік желіде мәлімдеді. 

Автордың жазуынша Талғар ауданында су жөндеуге келген қызметкерлер, істеп тұрған су құрылғысын істмейді деп, айыппұл салып кеткен. Енді тұрғындар, аудан әкімі өзі келіп мсәлені шешіп берсін жеп отыр.

"Ендігі біздің өтініш-талап қызметкерлері дұрыс жұмыс жасай алмаса Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков өздері келіп шешіп берсін. Қызметкерлерінің адаммен дұрыстап сөйлесуге де құлықтары жоқ. Керек пе сотқа бер дейді… Айтпақшы жоғардағы әкім қараларды белгілеп жіберсеңіздер жақсы болар еді" деп жазды Қойшыбек Мүбарак.
Фотосурет сипаттамасы жоқ.
Фотосурет сипаттамасы жоқ.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер