Қаңғыбас иттер қамы үшін. Әкім 100 миллион теңге бөлінгенін айтты

4269
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баспасөз мәслихатында қаңғыбас иттер мен мысықтар мәселесінің қалай шешіліп жатқанын айтты. Әкімнің айтуынша, Ақмола өңірінде үй-күйсіз иттерге арнайы панажай салынатын болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әкім өз сөзінде бұралқы иттер мен мысықтар проблемасын шешуге 100 миллион теңге бөлінгенін айтты. Оларға арнайы панажайлар салынбақ.

- Расында да бізде қаңғыбас иттер мен мысықтар проблемасы бар. Мемлекет басшысының сәуір айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге ерекше назар аударғаны кездейсоқ емес. Өткен жылдың наурыз айында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң қабылдағанда біздің экологтар, зоотехниктер жеңіске жетті. Содан бастап көп нәрсе өзгерді, жануарларға деген көзқарас өзгерді. Қазір біздің ветеринарлық станциялар ит-мысықты аулай алмайды, ата алмайды. Мұнда чиптеу, панажайларда ұстау секілді арнайы алгоритмі бар. Бұған біз шамамен 100 млн теңге бөлдік. Өткен жылы 10 млн теңге бөлінген еді. Яғни, бөлінетін қаражатты 10 есеге ұлғайттық, - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге облыс әкімі өңірде қаңғыбас иттерге арнайы салынатынын панажай жайын айтып, іс барысын түсіндірді.

- Біз бес негізгі ауданда жер учаскелерін бөлдік. Елорда маңынан бір панажайға орын табылды. Облыс орталығының жанынан да солай ашамыз. Бұл мәселені үнемі ерекше бақылауда ұстаймыз. Бес айда 1650 ит ұсталды, біз осы алгоритм бойынша жұмыс істеп келеміз. Панажай бойынша конкурста жеңіске жеткен компаниялар бар. Олар жоғарыда айтылған алгоритм бойынша айналысатын болады, - деді Ермек Маржықпаев.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер