Алматыда "Барлығына арналған Азия ойындары" науқаны аясында Fun Run жарысы өтті

5153
Adyrna.kz Telegram
olympic.kz
olympic.kz

Алматыда "Динамо" стадионында Ханчжоуда (ҚХР) 2023 Азия ойындарын қолдау және ілгерілету шеңберінде Fun Run жарысы өтті.

Іс-шараны Азия Олимпиада кеңесі (ОАА), Азия ойындары-2023 ұйымдастыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы, "Динамо" ҚҚҚ және Алматы спорт басқармасының қолдауымен ҚХР-ның ҚР-дағы Бас консулдығы ұйымдастырды.

Жарысқа әр түрлі жас санаттарында (13, 14, 16, 17 жасқа дейін) 300-ден астам жас спортшылар қатысты.

Бұл жарыстар бүкіл Азия құрлығында үздіксіз өтеді. Fun Run жарысы Азиада-2023 ұйымдастыру комитетінің промо-науқанына кіреді және "Барлығына арналған Азия ойындары" жалпы ұранымен өткізіледі.

Спорттық іс-шара аясында ушу және таэквондо бойынша көрсетілімдер, сондай-ақ ҚХР-ның ҚР-дағы Бас консулдығы ұйымдастырған каллиграфия, аквагрим, шай рәсімі және сурет салу шеберлік сыныптары өтті.

Жарыстың барлық қатысушылары түрлі-түсті естелік медальдармен, сыйлықтармен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.

Пікірлер