Алматыда "Барлығына арналған Азия ойындары" науқаны аясында Fun Run жарысы өтті

6409
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/snimok-veb-straniczy_28-5-2023_194858_olympic.kz_.jpeg
Алматыда "Динамо" стадионында Ханчжоуда (ҚХР) 2023 Азия ойындарын қолдау және ілгерілету шеңберінде Fun Run жарысы өтті. Іс-шараны Азия Олимпиада кеңесі (ОАА), Азия ойындары-2023 ұйымдастыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы, "Динамо" ҚҚҚ және Алматы спорт басқармасының қолдауымен ҚХР-ның ҚР-дағы Бас консулдығы ұйымдастырды. Жарысқа әр түрлі жас санаттарында (13, 14, 16, 17 жасқа дейін) 300-ден астам жас спортшылар қатысты. Бұл жарыстар бүкіл Азия құрлығында үздіксіз өтеді. Fun Run жарысы Азиада-2023 ұйымдастыру комитетінің промо-науқанына кіреді және "Барлығына арналған Азия ойындары" жалпы ұранымен өткізіледі. Спорттық іс-шара аясында ушу және таэквондо бойынша көрсетілімдер, сондай-ақ ҚХР-ның ҚР-дағы Бас консулдығы ұйымдастырған каллиграфия, аквагрим, шай рәсімі және сурет салу шеберлік сыныптары өтті. Жарыстың барлық қатысушылары түрлі-түсті естелік медальдармен, сыйлықтармен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.
评论
其他材料