Пәкістанда экс-премьер-министр Имран Хан ұсталғаннан кейін халық наразылығы күшейе түсті

2739
Adyrna.kz Telegram
Фото: ariananews.af
Фото: ariananews.af

Пәкістанда сейсенбі күні ұсталған бұрынғы премьер-министр Имран Ханның жақтастары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар болды. Наразылық бүкіл елге жайылып, Белуджистан провинциясында кемінде бір адам өлтірілді, Бұл туралы ВВС жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жұма күні Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен елде ұялы байланыс өшірілген еді. Хан сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға жауап беру үшін Исламабад жоғары сотына келген кезінде ұсталған болатын.

Хан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. «Әділеттікке қозғалыс» партиясы жариялаған бейнеүндеуіне ол бәріне дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, былтыр сәуірде биліктен шеттетілгенінен бері Ханға қарсы жүздеген іс қозғалды. Оған қарсы тағылған айыптар арасында жемқорлық, терроризм және тіпті құдайға тіл тигізу бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер