Жазым. Құтқарушы Арслан Құрманбековтің қалай қазаға ұшырағаны айтылды

2960
Adyrna.kz Telegram
Алматы әкімдігі аға өрт сөндіруші-құтқарушы Арслан Құрманбековтің отбасына көңіл айтты. Марқұмның кәсіби қызмет үстінде қапиядан қалай қайтыс болғаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіндегі таудың баурайында өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеп жүрген. Қапияда марқұмның үстіне жанып жатқан ағаштың діңі құлаған. Өкінішке қарай, азамат алған жарақаттарынан көз жұмған.
"Алматы әкімдігі марқұмның туыстарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Бұл орны толмас ауыр қайғы. Құтқарушы мамандығының қашан да тәуекелі жоғары. Сержант үлкен қайғылы оқиғаның алдын алу үшін өз өмірін құрбан етті. Оның өшпес ерлігін әріптестері және қала тұрғындары ұмытпайды", - деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.

Еске сала отырайық, 2023 жылғы 7 мамырда 23:52-ден бері Алматының Медеу ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөптер мен құлаған ағаштар (қураған ағаштар) өртеніп жатыр.

Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір адам қаза тапты, тағы бір құтқарушы қолын жарақаттады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер