Павлодар тұрғыны WhatsApp-тағы дауыстық хабарлама үшін 4 жылға сотталды

2246
Adyrna.kz Telegram
Фото: androidinsider.ru
Фото: androidinsider.ru

Павлодар қаласының № 2 соты ұлттық алауыздықты қоздыру және ұлттық ар-намыс пен қадiр-қасиеттi қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. Бұл жөнінде соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Биылғы жылдың 1 қаңтарында масаң күйде болған азамат "WhatsApp" мессенджерінің жалпы тобына мазмұнында ұлттық алауыздықты қоздыруға және қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысы пен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған 3 дауыстық хабарлама жолдаған.

Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденгені айтылады.

Сот мәліметіне сүйенсек, ұлттық алауыздықты қоздыру және ұлттық ар-намыс пен қадiр-қасиеттi қорлағаны үшін (ҚК 174-бабының 1-бөлігі) заңмен негізгі жаза ретінде ең жоғары мерзім 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

“Жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, кінәсін толық мойындауын және шын жүректен өкінуін, асырауында екі жас баланың болуын ескере отырып, сот 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер