Ақыры, Сәтқалиев айтқан сұйытылған газ бағасы да өсті

2295
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда көлік газының бағасын айқындайтын жаңа бұйрық жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

Жанармай құю станциясындағы газды жекелеген саудада сатудың жаңа шектік бағасы белгіленді.

▪ Алматыда газ бағасы литріне 65 теңгеден 75 теңгеге дейін өсті;
▪ Алматы облысындағы литріне 70 теңгеден 75 теңгеге дейін артты;
▪️️ Жамбыл облысында 60 теңгеден 65 теңгеге дейін өсті;
▪ Шығыс Қазақстан облысында литрі 60 теңгеден 70 теңгеге дейін артты;
▪ Солтүстік Қазақстан облысында 70 теңгеден 75 теңгеге дейін артты;
▪ Абай облысында 60 теңгеден 70 теңгеге дейін көтерілді;

Айта кету керек, көлік газының бағасы еліміздің бірқатар аудандары мен ауыл-аймақтарында да артып отыр.

Өткен аптада Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев “Қазір көлігін газға ауыстырып жатқан азаматтар ертең оның да бағасы қымбаттайтынын түсіну керек” деген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер