Ақыры, Сәтқалиев айтқан сұйытылған газ бағасы да өсті

2992
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/picture2_ceny-na-avtogaz-v_367722_p0.jpg
Қазақстанда көлік газының бағасын айқындайтын жаңа бұйрық жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.   Жанармай құю станциясындағы газды жекелеген саудада сатудың жаңа шектік бағасы белгіленді. ▪ Алматыда газ бағасы литріне 65 теңгеден 75 теңгеге дейін өсті; ▪ Алматы облысындағы литріне 70 теңгеден 75 теңгеге дейін артты; ▪️️ Жамбыл облысында 60 теңгеден 65 теңгеге дейін өсті; ▪ Шығыс Қазақстан облысында литрі 60 теңгеден 70 теңгеге дейін артты; ▪ Солтүстік Қазақстан облысында 70 теңгеден 75 теңгеге дейін артты; ▪ Абай облысында 60 теңгеден 70 теңгеге дейін көтерілді; Айта кету керек, көлік газының бағасы еліміздің бірқатар аудандары мен ауыл-аймақтарында да артып отыр. Өткен аптада Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев “Қазір көлігін газға ауыстырып жатқан азаматтар ертең оның да бағасы қымбаттайтынын түсіну керек” деген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

 
评论