Алматы қаласында «Газпромнефть-Қазақстан компаниясы» ЖШС-ға стандарттарды бұзғаны үшін 3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитетінің қалалық департаменті хабарлады.
Комитет мамандары жеке тұлғаның шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру барысында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Техникалық реттеу туралы» заң талаптарының бұзылғаны анықталған.
«Мемлекеттік метрологиялық бақылау кезінде АИ-95-К4 маркалы бензинін құю барысында рұқсат етілген шекті мөлшерден асатын ауытқу анықталды. №1 отын тарату колонкасынан (ТРК) 20 литр жанармай құйылған кезде 100 милилитр көлемінде жетіспеушілік болған», – деп хабарлады комитет өкілдері.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, жанар-жағармай құю бекеттерінде мұнай өнімдерінің көлемін өлшеудегі ең жоғары рұқсат етілген қателік ±4% болуы тиіс.
Заң бұзушылық фактісі бойынша «Газпромнефть-Қазақстан компаниясы» әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.