Көкшетау тұрғыны күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

2377
Adyrna.kz Telegram

Көкшетауда полицейлер азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деп күдікпен әйел кісіні қамауға алды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

19 сәуірде қалалық полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынының кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері марқұмның тұрғылықты жеріне барған кезде 45 жастағы ер адамның денесін тапты. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталды. Тергеу-жедел іс-шаралар барысында жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салды деген күдік бойынша жәбірленушінің азаматтық некедегі әйелі ұсталды.

Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыптылардың пәтерде жалғыз қалғаны және олардың арасында жанжал туындағаны анықталды. Жанжал кезінде күдікті ер адамның кеудесіне пышақ сұққан. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмған.

Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі -  "Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары белгіленіп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың жеке басын сипаттайтын материалдар жиналады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер