ҰБТ форматы мен сұрақтар мазмұны өзгереді - министр

2762
Adyrna.kz Telegram

Келесі жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматқа көшіріледі. Сонымен қатар жаңа сипатта сұрақтар даярлайтын мамандар оқытылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«ҰБТ-ға қатысты екі проблема бар. Алдымен сұрақтардың маңызы. Шынын айту керек, оның сұрақтары формалды. Адамды ойлауға және оның ойлау қабілетін тексеруге емес, жаттауға бағытталған. Бұл мәселені қалай шешпекпіз? Бүгінде Кембридж университетімен бірлесіп ҰБТ сұрақтарын түбегейлі түрде өзгертіп жатырмыз. Биыл 350 тест даярлайтын маман оқытылып, сертификациядан өтеді. Олар 5 мың жаңа сипаттағы сұрақтар әзірлейді. Жаңа форматтағы тест сұрақтары SAT (Scholastic Assessment Test) халықаралық емтиханына ұқсайды. Ол жерде алдымен баланың ойлау қабілеті назарға алынады»,- деді Саясат Нұрбек тілші Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Ноксвилл опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер