"Үйге баса-көктеп кірген". Жетісу облысында жас келіншекті қинаған қос күдікті ұсталды

2585
Adyrna.kz Telegram

21 сәуір күні Жетісу облысы, Көктал ауылында жеке үйге қарақшылық шабуыл жасады деген айыппен екі күдікті ұсталды. Аузы-басын тұмшалаған екі белгісіз ер адам үйге басып кіріп, 28 жасар келіншекті үрейлендірген. Ұрлық-қарлық жасауға дәніккен күдіктілер үй иесін байлап, пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Полиция қызметкерлерінің баяндауынша, қос күдікті әйелді байлап, тұншықтырып, пышақпен қорқытып, қолма-қол ақша талап еткен. Ойлағандарын іске асыра алмаған олар үйдегі екі қымбат телефонды, гауһар тастары бар зергерлік бұйымдарды, ноутбук, әмиян және аулада тұрған Toyota Camry көлігін қолды қылған. Жалпы келген шығын көлемі - 22 млн теңге.

"Аудандық полиция қызметкерлері облыстық КПБ және ҰҚҚКБ жедел уәкілдерінің көмегімен күдіктілерді анықтады. Олардың бірі - 23 жастағы жергілікті тұрғын, екіншісі Көксу ауданының бұрын сотталған 29 жастағы ер адамы болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған заттардың барлығы заңды иесіне қайтарылды", - деді Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Болған оқиғаның ақ-қарасын анықтауға полиция қызметкерлері кірісті.  Қазір аумақта ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер