Таиландта есінен адасып, адамдарға "шабуыл жасаған" қазақстандық ұсталды

3494
Adyrna.kz Telegram

Таиландтың Пханган аралы, Хаад-Рин жағажайында әбес әрекетке барып, адамдарға шабуыл жасаған қазақстандық турист ұсталды. Ол доңайбат әрекет жасап, демалушылардың мүлкіне залал келтірген. Бұл жайлы жергілікті полиция қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Tengritravel.kz  және жергілікті "CH3" телеарнасына сілтеме көрсете отырып. 

Хаад-Рин жағажайында шетелдік туристің "есінен адасқаны" туралы пханган полициясына хабар келіп түскен.

"Ол адамдардың қыр соңынан қалмай, жергілікті тұрғындарға шабуыл жасап, курортта және жағажай маңындағы мейрамханалардағы демалушылардың мүлкіне залал келтірген", - деп хабарлайды "CH3" каналы.

Жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері қазақстандық туристі ұстамақ болғанда, ол қоршаудан секіріп, теңіз ортасындағы жартастарға шығап алған.

"Ол қолымен бұлғап, қазақша айғайлаған (негізінде орыс тілінде  айғайлап отыр - авт. түсіндірмесі), видеодан байқауға болады", - деп жазды таиландтық ThaiRath басылымы.

Полиция мәліметінше, ер адаммен бірге екі әйел болған, оларды полицейлер судан шығарып, өз әрекеті үшін жауап беруін талап еткен. Алайда тіл білмегендіктен келіссіөздер қиынға соққан.

"СН3" телеарнасының хабарлауынша, жасы мен есімі аталмаған қазақстандық сыра ішіп, апиын шеккеннен кейін өз-өзін ұстай алмай абыройын төккенін айтқан. Барлық залалды өтейтінін мәлімдеген.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер