71 млрд теңге. Қазақстан Қытайдан инвестиция тартуы мүмкін

964
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/16219b1d-73dc-4fd9-ba37-8caf704d7ece-960x500.jpg?token=2adebb207225dd157c0dee15cda075f4

Қазақстан Қытайдан 1 миллиард юаньнан астам инвестиция тартуы мүмкін. Бұл шамамен 70 млрд 980 млн теңгеге тең, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

Ақпаратты ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі таратты.

Аталған мәселе Астанада өткен кездесуде талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың ең ірі қаржы институттарының бірі — ICBC банкінің төрағасы Лю Цзюньмен келіссөз жүргізді.

“Біз ұзақмерзімді және берік серіктестікке мүдделіміз. Ортақ бастамалар мемлекеттерімізге даму тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер ашады”, – деді Бектенов кездесу барысында.

Үкімет деректеріне сәйкес, Қытай – Қазақстан экономикасына ең көп қаржы құйып отырған бес елдің бірі. Қазіргі таңда Қытайдың жалпы инвестиция

көлемі 26 миллиард доллардан асты.

“Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 44 миллиард долларды құрап, рекорд орнатты. Биыл бұл көрсеткіш одан әрі өсіп келеді”, – делінген Үкімет хабарламасында.

ICBC банкі Қазақстанның экономикалық жобаларын қаржыландыруға қатысып келеді. Биыл көктемде "Бәйтерек" холдингімен бірлескен жұмыс нәтижесінде "Аграрлық несие корпорациясы" 430 миллион юань алған болатын.

Келесі кезең – 1 миллиард юаньнан астам несие қаржысы "Өндірісті дамыту қорына" бағытталуы мүмкін.

Сонымен қатар, Қытайдың ішкі қаржы нарығында 5 миллиард юань (670 млн доллар) көлемінде облигация орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Комментарии