Қызылордада полиция "тайып құлады" деген жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны анықталды

3171
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде қатарластарының аяусыз тепкісіне ұшыраған жасөспірімнің видеосы тарады. Талып жатқан жасөспірімнің аяусыз жоққыға жығылғанын полиция қызметкерлері "батпақта тайып құлады" деп мәлімдеген. Кейіннен бейне-деректерге мониторинг жүргізу барысында оқиғаның өзгеше сипатта өрбігені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қызылорда облысының кәмелет жасына толмаған тұрғыны  аудандық ауруханаға 2023 жыл, 6 сәуір күні түскен. Видеода оны белгісіз топтың талып жатқанына қарамастан аяқпен төпелеп жатқаны бейнеленеді. Қызылорда облысының Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты төмендегідей пікір білдірді:

-  2023 жылдың сәуір айының 6 күні аудандық ауруханаға кәмелетке толмаған жасөспірімнің көрінгендігі туралы хабарлама түскен. Аталған дерек Қазалы аудандық полиция бөліміне тіркелген. Өз айтуынша, 2023 жылдың 6 сәуір күні жасөспірім Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс Баһадүр атындағы саябақта жаңбырдан соң тайғақ жолда жүгіріп, абайсызда құлаған. Қазіргі танда оның жағдайы қанағаттанарлық, жәбірленушінің және оның ата - аналары тарапынан шағым болмаған.

Дерек бойынша, қосымша тексеру және әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу нәтижесінде, бейнероликте көрсетілген кәмелетке толмағанды екі жасөспірім ұрып-соққандығы анықталып, Қазалы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейiнгi тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабының 2 бөлігімен (бұзақылық) тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция бөліміне күдікті тұлғалар жеткізілді.

Дегенмен әлеуметтік желідегі оқырмандар полиция мәлімдемесінің бүгін өзгертілгенін айтады.

- Бұл [деректер] бүгін өзгертілді желіде резонанс болғасын. Желі қолданушысы Үйтолған Жареке. 

Қоғам белсендісі Асан Анарбай оқиға қатысты төмендегідей пікір білдірді:

- Қорқау шибөрілер тобынан аяусыз таяқ жеп, ит өлімші хәлде сабалған жасөспірімнің жағдайын көре тұра, Qyzylorda PD полицейлері «жауында тайғанап құлаған» деп бүркей салды. Бірақ ақпараттық ашық қоғам бұған көз жұма алмайды. Шындық түбі шықпай қоймайды...
...Әр іс шынын табу үшін резонанс керек пе?
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, әлеуметтік желілерге монитоинг жүргізу барысында жасөспірімді екі азаматтың ұрып-соққаны анықталған. Қазір Қазалы аудандық полиция бөлімі бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Күдікті тұлғалар полиция бөліміне жеткізілген.
"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер