Ерекше қажеттілігі бар адамдарға инклюзивті білім беру мен жұмысқа орналастыру мәселелері шешімін табуда

8665
Adyrna.kz Telegram

1992 жылы 5 мамырда Еуропа елдерінің ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау және физикалық, психикалық немесе сенсорлық шектеулері бар азаматтарды кемсітудің алдын алу күнін алғаш рет кең көлемде өткізген еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағалауы бойынша әлемде 1 миллиардтан астам азамат ерекше қажеттілікке ие адам, бұл әлем халқының 15%-ын құрайды, оның 100 миллионнан астамы кішкентай балалар. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандардың 80%-ы дамыған елдерде тұрады, бірақ 50%-ы денсаулық сақтау саласында өздеріне қажетті қызметтерді ала алмайтын көрінеді. Сонымен қатар, олар білім алуда, жұмысқа орналасуда, инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуде қиындықтарға тап болуда.

Алайда біздің мемлекеттің әлеуметтік саясатында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері ерекше маңызды орын алады. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жәрдемақы мөлшерін біртіндеп ұлғайтудан басқа, азаматтардың осы санаты үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұл елді-мекендердің инфрақұрылымдарындағы проблемаларды шешу, мүгедектік алу рәсімдерін оңайлату, оңалту жүйелерін жетілдіру, жұмысқа орналасуға көмектесу, білім алуға қолжетімділік, сондай-ақ қоғамда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру жөніндегі шаралар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша бүгінгі күні Қазақстанда мүгедектігі бар 750 мыңнан астам адам тұрады: 421,5 мың адам - еңбекке қабілетті жас (59,8%), 181,9 мың адам – зейнеткерлік жас (25,8%) және 101,6 мың адам – 18 жасқа дейінгі балалар (14,4%).


Осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 2022 жылдың жазында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойылды.
Ел заңнамасындағы соңғы Нормативтік-құқықтық актіде "мүгедек", "мүгедек бала" термині өзгеріске ұшырады. Еңбек министрлігі Заң жобасын қабылдау қажеттілігін негіздей отырып, "мүгедек" сөзі ағылшын тілінен "әлсіз, ауыр" мағынасын білдіретінін атап өтті. Қазір "ерекше қажеттіліктері бар адам, мүмкіндігі шектеулі" деген ұғымдарды қолданысқа енгіздік.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға интеграциялау мәселелерінде білім беру мен жұмысқа орналасу маңызды рөл атқарады. Қазақстанда 2021 жылы инклюзивті білім беруді  көздейтін заңнамаға өзгерістер қабылданды. Басқаша айтқанда, бұрын ерекше қажеттіліктері бар балалар үйде немесе мамандандырылған орталықтарда жалпы орта білім алуы керек еді. Ал Қазақстанда инклюзивті білім енгізілгеннен кейін балалардың бұл санаты басқа оқушылармен бірге қарапайым мектептерде оқи бастады.

2015 жылдан бастап "Әрбір бала мектепке лайық" жобасы аясында "Болашақ" корпоративтік қоры Қазақстанның 17 өңірінде инклюзивті қолдаудың 43 кабинетін ашты. Аутизммен және басқа да даму ерекшеліктерімен ауыратын 500-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды.
"Әр бала мектепке лайық" жобасының тьюторлары, мұғалімдері, кураторлары баланың жеке басына және оның ерекшеліктеріне жеке көзқарас, қолдау, құрметпен қарады.

Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі кішкентай қазақстандықтарға тезірек әлеуметтенуге мүмкіндік береді, ал олардың айналасындағыларға осы санаттағы адамдардың құқықтарын құрметтеуге және оларды қоғамның толыққанды мүшелері ретінде қабылдауға үйретеді.
Мүгедектігі бар адамдар үшін қоғамдағы кедергілерді жоюдың тағы бір шарасы оларды басқа азаматтармен бірге ұжымдарға жұмысқа орналастыру болып табылады. 2022 жылдың шілде айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мүгедектігі бар еңбекке қабілетті адамдардың 100 мыңнан астамы немесе төрттен бір бөлігі еңбек қызметін жалғастырып жатқанын хабарлады. Бұл ретте Еңбек министрлігінің басшысы мүгедектік тобы адамның еңбекке қабілеттілігінің немесе еңбекке жарамсыздығының көрсеткіші болып табылмайтынын атап өтті.

Министр кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 9 мың мүмкіндігі шектеулі адамды жұмысқа орналастыру мәселесі қойылғанын хабарлады. Бүгінгі таңда олардың 3 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орындарында қызмет атқарады. Электрондық еңбек биржасында ерекше қажеттілігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен сабақтардың атласы көрсетілген. Онда 5 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылған. Азаматтардың осы санаты үшін мемлекет субсидиялайтын әлеуметтік жұмыс орындарын қайта бағдарлау процесі басталды. Бүгінде оларға 6 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау жөнінде шаралар қабылданды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 59 млн теңге бөлінген.

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа шараларына халықтың белгілі бір топтары үшін білім беру гранттарын бөлу квоталарын жатқызуға болады. Бұл шара Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылдың тамыз айының соңында ғылым және білім министрі кезекті мемлекеттік гранттарды бөлу туралы бұйрыққа қол қойылды. Оған барлығы 50 мың адам қол жеткізді.

Ал соңғы жаңалықтар бойынша, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін омбудсмен пайда болуы мүмкін. Мұндай институтты құруға арналған арнайы құжат Ашық НҚА порталына орналастырылды.
Қаулы мәтінінде әлеуметтік осал топтардың құқықтарына байланысты мәселелер жазылған. Мәселен, ерекше қажеттілік ие  азаматтардың заңды мүдделерінің кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бостандықтары мен құқықтарын қоғамдық және мемлекеттік институттармен бірге қалпына келтіру болып табылатыны айтылады. Олардың қатарына Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен сол азаматтарға Жеңілдіктеріне байланысты теңестірілетін ардагерлер, ерекше қажеттілікке ие адамдар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізгендер,
асыраушысынан айырылғандар, зейнеткерлер, қандастар және "Алтын, Күміс алқа" иегерлері мен "Батыр ана" атағын алғандар,   I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған көп балалы аналар, отбасылар жатады.

Бұған дейін ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары жөніндегі Омбудсмен институтын құру мәселесін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің  Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген еді.

"Бірінші кезекте мемлекет барлық адамдар үшін мүмкіндіктер  мен әділдікті қамтамасыз етеді. Қоғамдық игіліктердің жоғары деңгейіне және халықтың әлеуметтік осал санаттарын, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдауға кепілдік беріледі. Президент жанынан тиісті омбудсмен институты құрылады", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында.

Пікірлер