Құрманғазы оркестрі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз думан» атты мерекелік концерті өткізді

3227
Adyrna.kz Telegram

     Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.      

Айтулы мерекеге орай, 2023 жылы 17 наурыз күні сағат 19.00-де Құрманғазы оркестрінің концерт залында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Наурыз думан» атты мерекелік концерті өтті.

      Кеште Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Төлеген Рахымбаев, Біржан Бәзілжан, Әсел Рақымжан, Төлеби Нұрғали жеке өнер көрсетті.

        Наурыз – барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз – салауатты өмірдің салтанаты. Наурыз – қаңқылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат-Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мереке құтты болсын!

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер