«Дивандағы сыншы» сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді

2402
Adyrna.kz Telegram

19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлаушылардың бірі демалыс күні өзгеріс енгізуді ұйғарып, сайлау учаскесіне диван арқалап келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар диванның қасында арқанға ілулі тұрған пульті де болды.

"Бізді енді ештеңе таңғалдырмайды деп ойлап едік. Бірақ қазір "Дивандағы сыншылар әскері" қандай болатынын білеміз", - делінген видеодағы сипаттамада.

Комментаторлар екі пікірге бөлінді: біреулер бұл процесті құрметтемеу деп айтса, енді біреулер ер адамның әрекетіне күлді.

"Диван құлап түспегенін айтсай", "Әйтеуір бірдеңе. Унитазбен келмеді ме?", "Цирк жалғасып жатыр"," Кім өзін таныды?", "Сонда да мемлекеттік мекемелерде сайлау өтіп жатыр","Бұл өз отандастарыңды, өз ұлтыңды сыйламау!", "Деградацияның осындай деңгейге жеткені өте өкінішті", "Әдемі!","Дивандағы сыншылардың бәрін бірден жерледі", "Барлығы өзін бірден таныды", - дейді қолданушылар.

Бұған дейін талдықорғандықтар дауыс беруге түйемен келген еді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер