Қаңтарда өлмеген үміт

1834
Adyrna.kz Telegram

Ассалаумағалейкум, Қазақ халқым. Есімім Дінмұхамед Қаматай, Алматы қаласының Қалқаман ауданының тумасымын. Мен Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне ең жас үміткермін. Алаш Орда 2.0 жастар қозғалысының негізін қалаушысымын. Мектепті қызыл дипломға бітіріп, футболдың арқасында АҚШ-та тегін Бизнес Басқару мамандығымен оқып келдім.

Қайтып келуімнің басты себебі — қазақтың әр бір баласына мүмкіндік беру. АҚШ-тың NCAA атты жүйесі әр бір балаға мүмкіндік бере алады. Егер әр бір мектепте тегін спорт, ғылым, өнер үйірмелерін ашсақ, Қазақтың әр бір баласына мүмкіндік сыйлаймыз. Сол үшін аудан әкімдерімен, қала әкімдерімен, министрмен күрестім. 5 жыл бойы жүйемен күресте түсінгенім, егер жүйедегі жемқорларды жоймасақ, еліміздің болашағы қаран болады, Қаңтар қайталанатыны күмәнсіз. Қаңтар оқиғасының қатысушысы ретінде мен сол жерде елін ойлаған азаматтар болғанына куәмін, ең соңғы алаңнан қайтқан адамның бірі мен. Бірінші болып шетел журналисттеріне, ООНға, Европарламент мүшелеріне сұхбат беріп халқымның атын, затын қорғадым. Ақпанда пыткаларға, қанауға қарсы митингте күресіп 15 тәулікке бас бостандығымнан айырылдым. Сол жерде өлең жаздым, соңында оқи аласыздар. Бір жыл бойы қаңтар аналарымен прокуратурада күрестім, амнистияға таластым. Халқыммен қорқынышты, шарасыздықты көрдім. Бірақ онымен бірге батылдықты таптым, сенім таптым. Ойымда қазақ атамның сөзі болды. Отан үшін отқа түс күймейсің, Халқың үшін арпалыс өлмейсің. Сіздерге күмәнсіз бере алатын сөзім — елім үшін отқа түсемін, халқым үшін арпалысамын!

Менің бағдарламам осы:

1. Экономиканы дамыту: шетелдік инвестицияларды ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау. 30 жылда заңсыз түрде жеке меншікке алынған кәсіп орындарды, жерді, халықтың байлығын мемлекет тарапына қайтару. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамытуға назар аудару қажет.
Шетелдік инвесторларды Британдық заңнамамен қорғау және мемлекеттің инвестициялардың қауіпсіздігіне кепілдік беруі. Жергілікті, шағын және орта кәсіпке арналған инвестицияларды сайыс арқылы бөлу.
Латуфундистерден тәркіленген жерді жас отбасыларға бөлу. Жас кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығын дамытуға көмек көрсету.
2. Әлеуметтік деңгейді көтеру: азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйесін нығайту, сондай-ақ жас отбасыларды қолдау.
Банк пайыздарын төмендету, жас отбасыларға көмек бағдарламасын құру, студенттерге гранттарды көбейту, жатақханалар санын арттыру. Жалғызбасты аналарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, жетімдерге сияқыны 200 000 теңгеге дейін ұлғайту. Аналарымыздың зейнетке шығу жасы 58 ге төмендету.
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды әзірлеу. Жемқорлардың ұрлығы қайталанған кезде қолын кесу жазасы. Таңдау әлеуметтік желісін құру, онда әрбір азамат маңызды мәселені жіберіп, петициялар жинай алады. 500 000 қол жиналса Мәжіліс бұл мәселені қарауы тиіс.
4. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту: басқа елдермен дипломатиялық қатынастар мен экономикалық байланыстарды дамыту, халықаралық ұйымдар мен келісімдерге қатысу.
ҰҚШҰ-дан шығу, ЕАЭО шарттарын қайта қарау, сондай-ақ"Ұлы Түркістан" Түркі одағын құру.
5. Демократияны дамыту: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық мемлекетті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтар мен билік арасында ашық диалог орнату.
Бейбіт жиналыс туралы заңды өзгертіп, азаматтық белсенділіке кедергі жасамау. БАҚ-тың мүмкіндіктерін кеңейту, сөз бостандығын нығайту. Әрбір әлеуметтік Заңды, Таңдау қосымшасы арқылы халықтың дауыс беруімен өткізу.
6. Ұлттық бірегейлікті нығайту: қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлерін қолдау.
Алаш ОРДА тарих және мәдениет сабақтарының басты бағыты.
7. Балалар мен жастар спортын дамыту: балалар мен жастар арасында спортпен шұғылдануға жағдай жасау, дарынды спортшыларды қолдау.

NCAA американдық білім беру және спорт жүйесін қазақы, ұлттық нақышта Қазақстанға ендіру. Әр бір мектепте тегін спорт, ғылым, өнер үйірмелерін ашу. Қазақтың әр баласына мүмкіндік жасау!
Батыр халық ұрпағы болып туылдың
Тәуелсіз болып, қаhарманды ұмыттың
Қанмен келген бостандықты сыйламай
Ұрпағыңды, болашақты не қылдың?

Ұйықта Қазақ, ұйықтадың 30 жыл
Күрестің сен Қазақ үшін қай бір жыл
Елім деген, жерім деген Қазақты
Көре алмадың, ойламадың, не қылдың?

Ұйқыда қалмай, Халқыңды жоймай
Жеріңді сатпай, Еліңді атпай
Өтірікке сенбей, Айдағанға көнбей
Көтер сен басты, боласың мендей!

Мақала қаражаты орталық сайлау комиссиясынан төленді.

Пікірлер