Воронеж, Липецк және Пенза тұрғындары әскери комиссариаттан шақыру қағазын алып жатыр, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
BBC News хабарлауынша, билік бұл ақпаратты растап отыр. Бірақ мұны Украинадағы соғысқа жұмылдырудың екінші кезеңіне дайындық белгісі деп санамауды сұрады.
14 наурызда Воронеж облысының билігі облыстық деңгейдегі әскери комиссариатқа шақыру қағазының жаппай таратылуын бірінші болып растады.
Сәрсенбі, 15 наурызда тізім тағы екі аймақпен - Липецк және Пенза облыстарымен толықты. Липецк облысы үкіметінің телеграм-каналы мұны әскери комиссариаттардың мәліметтер базасын цифрландырумен түсіндірді.
Өткен жылдың қыркүйегінде Ресей президенті Владимир Путин ішінара жұмылдыру туралы жариялады, оның жеке мәлімдемесіне сәйкес, оған 300 мыңға жуық адам кірді.
Кейін Кремль билігі жаппай мобилизация кезіндегі сәтсіздіктерді мойындап, резервтегі азаматтарды әскерге шақыру жұмыстары жүргізілмейді деп сендірді.
Қараша айының соңында Путин Ресейдің Цифрлық даму министрлігі мен Федералдық салық қызметіне Қорғаныс министрлігінің қатысуымен 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін «әскери есеп құжаттарын жаңарту» үшін қажетті деректермен ресурс құруды тапсырды.
«База 2023 жылдың 1 сәуірінен – көктемгі шақыру басталғаннан бастап іске қосылуы тиіс. Барлық әскери комиссариаттар әлі де есепке алынбайды», - деді құқық қорғаушы Павел Чиков Путиннің Жарлығына талдау жасап.
Қазір облыс басшылығы осыған сілтеме жасап отыр.
«Липецк облысында, бүкіл Ресейдегідей, әскери комиссариаттар мәліметтер базасын цифрландырады. Бұл үшін ақпаратты жаңарту қажет. Сондықтан жақын арада өңірдің бірқатар тұрғыны әскери комиссариаттан шақыру қағазын алады», - делінген Липецк облысы Үкіметінің хабарламасында.
"Адырна" ұлттық порталы