Орыстың атақты тарихшысы, саяси сараптамашы, публицист және қоғам қайраткері Валерий Соловей Ресейдің империя құру жолында маңайындағы мемлекеттерге жауыққан зәндем саясатына нақ баға берді. Ол Украина мен Ресей арасындағы соғыс көрсеткішін сараптай отырып, азаматтық айқын пікірін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресейдің болашағы мен таяу келешегіне қатысты тарихшы Валерий Соловейдің пікірі ақпарат кеңістігін шарлап кетті. Автор өз сөзінде Ресейдің империялық саясатының тоқырап, Путин пікірінің парша-паршасы шыққандығы сөз болады.
- Путиннің "Ресей шекарасының шегі жоқ" дегенін ұмытпаңыздар! Олардың құрған жоспарында о бастан Украинаны басып-жаншу саясаты болды. Украина ғана емес, саяси интеграция жетегінде Белорусь, Молдова, Қазақ елі, Грузия, Ерменстанды (Армения) да жалмағысы келді... Дегенмен, көп асқанға - бір тосқан. Украина оларға тән сайқал саясаттың тас-талқанын шығарды. Қазіргі күні Ресейдің империя болу жолындағы қадамдары кері кетіп, түгесіліп, Ресей тарихы мәңгілікке, бастан-аяқ "төңкерке ұшырады"- деді тарихшы.
"Адырна" ұлттық порталы