Трамп әкімшілігі Ресейге салынған санкцияларды азайтпақ

920
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/7feeb69a-487b-4e78-aad7-86ea9f86b2bf-960x500.jpeg?token=772dc930aff8e86b85d8b51c7749edd0

Трамп әкімшілігі Ресейге салынған санкциялық қысымды ішінара жеңілдету жоспарын әзірлемек. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл тапсырма АҚШ мемлекеттік департаменті мен қаржы министрлігіне президент Дональд Трамп әкімшілігінен түскен. Бұл ведомстволарға қандай шектеу шараларын азайтып немесе толықтай алынып тасталуы мүмкін екендігі туралы тізім жасау тапсырылған.

Дайындалған тізім алдағы келіссөздер барысында АҚШ

өкілдері мен ресейлік шенеуніктер арасында талқыланбақ. Ақ үй бұл қадамды Трамптың Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартуға және Украинадағы әскери қақтығысты тоқтатуға ұмтылуымен байланысты деп түсіндірді.

Ақпаратқа сәйкес, құжат жобасында бірқатар ресейлік заңды және жеке тұлғаларға, соның ішінде ірі кәсіпкерлерге салынған санкцияларды алып тастау мүмкіндігі қарастырылған. Алайда түпкілікті шешім әлі нақты емес.

Комментарии